«HYUNDAI» Қазақстан коммерциялық орталығы» ЖШС
«HYUNDAI» Қазақстан коммерциялық орталығы» ЖШС, Қазақстан нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді.
Компания 2003 жылы «Korea Motors» деген атпен құрылды және Hyundai жол-құрылыс техникасын жеткізумен айналысты. Қысқа мерзім ішінде 1000-нан астам техниканы сәтті іске асырды. Кейін атауын «HYUNDAI» Қазақстан коммерциялық орталығы деп өзгертті.
Біз HD HYUNDAI CONSTRUCTION EQUIPMENT, HD HYUNDAI XITESOLUTION, TADANO сияқты әлемдік машина жасау көшбасшыларының ресми дистрибьюторымыз.
Алғашқы қадамдардан бастап компания істі жетік білетіндігін жария етті. Мұның сенімді көрсеткіші – тұрақты клиенттер санының тез өсіп келе жатқандығы. Біз сапалы техниканы қалыпты бағамен жеткізу және оған адал қызмет көрсету сияқты қағидаттарды басшылыққа аламыз.
Біздің компания жақсы ойластырылған және реттелген жұмыс әдістерінің арқасында жол-құрылыс және қойма қызметтері нарығындағы өз позицияларын нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.
Біз құрылыс, қойма техникасы мен қосалқы бөлшектерді сатумен ғана айналыспаймыз, сонымен қатар тапсырыс берушіге техникалық дайындық коэффициентінің жоғары деңгейіне кепілдік беруге мүмкіндік беретін көптеген басқа мәселелерді сәтті шешеміз. Міне сондықтан HYUNDAI және TADANO маркаларының дистрибьюторы – бұл бүкіл жұмыс алгоритмін жүзеге асыруға қажетті сыртқы ресурстарға ие үлкен ұйым.
Клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін компания:
- Қазақстан аумағындағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі персонал мен қосалқы бөлшектер қоймаларының санын ұлғайту;
компанияның - Астанадағы филиалында орналасқан жеке оқу орталығын ашу арқылы көрсететін қызметтерінің сапасы мен тізімін үнемі кеңейтіп отырады.
- Үнемі дами отырып, біз, ең алдымен, кәсібилікке, адалдыққа және әр клиенттің көңілінен шығуға назар аударамыз.
БІЗБЕН БІРГЕ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҚҰРЫҢЫЗ!